10 августа 2026 года в Темирском районе Актюбинской области прошёл обучающий семинар «Развитие практических навыков участия в государственных социальных заказах и грантах, внесение сведений в базу данных и проведение оценки» для представителей неправительственных организаций (НПО) региона.
2026 жылғы 10 тамызда Ақтөбе облысының Темір ауданында өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдеріне арналған «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарға қатысу бойынша практикалық дағдыларды дамыту, деректер базасына мәліметтер енгізу және бағалау жүргізу» атты оқыту семинары өтті.
Мероприятие с 15:00 до 16:30 организовало ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области» в рамках проекта «Развитие гражданских инициатив и повышение их потенциала».
Сағат 15:00-ден 16:30-ға дейін өткен іс-шараны «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ «Азаматтық бастамаларды дамыту және олардың әлеуетін арттыру» жобасы аясында ұйымдастырды.
Программа семинараСеминар бағдарламасы
Семинар начался с регистрации участников и предварительного тестирования. Далее эксперт разобрал основные требования к участию в государственном социальном заказе и грантах и этапы разработки социального проекта. Отдельный блок был посвящён порядку предоставления сведений в базу данных НПО — с разбором типичных ошибок, — а также мониторингу реализации и оценке результатов социальных проектов. Завершили программу практическая часть с вопросами и ответами, итоговое тестирование и обратная связь от участников.
Семинар қатысушыларды тіркеу және алдын ала тестілеуден басталды. Одан кейін сарапшы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарға қатысудың негізгі талаптарын және әлеуметтік жобаны әзірлеу кезеңдерін түсіндірді. Жеке блок ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну тәртібіне — жиі кездесетін қателерді талдауға, — сондай-ақ әлеуметтік жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және нәтижелерін бағалауға арналды. Бағдарлама практикалық бөлім, сұрақ-жауап, қорытынды тестілеу және қатысушылардың кері байланысымен аяқталды.
Провёл семинар Алишер Мажитович Мажит — эксперт в сфере государственного социального заказа, грантового финансирования, разработки, реализации и оценки социальных проектов.
Семинарды Мажит Алишер Мажитұлы жүргізді — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру, әлеуметтік жобаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау саласындағы сарапшы.
Приоритеты грантов на 2026 год2026 жылға арналған гранттар басымдықтары
Участники обсудили разработку социальных проектов, подачу заявок на государственный социальный заказ и гранты, определение целевой аудитории, а также постановку ожидаемых результатов и индикаторов. Был рассмотрен порядок выделения средств, требования законодательства и необходимость достижения конкретных результатов проекта.
Қатысушылар әлеуметтік жобаларды әзірлеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарға өтінім беру, мақсатты аудиторияны анықтау, күтілетін нәтижелер мен индикаторларды белгілеу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ қаржыны бөлу тәртібі, заң талаптары және жобаның нақты нәтижелерінің болуы қажеттігі қаралды.
На 2026 год для НПО определены приоритетные направления государственных грантов: развитие гражданского общества, поддержка молодёжи, решение социальных проблем, развитие волонтёрских инициатив и другие общественно значимые направления.
2026 жылға ҮЕҰ арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттары бекітілген: азаматтық қоғамды дамыту, жастарды қолдау, әлеуметтік мәселелерді шешу, волонтерлік бастамаларды дамыту және басқа да қоғамдық маңызы бар бағыттар.