4 августа 2026 года в актовом зале акимата Байганинского района (с. Карауылкелды) состоялся обучающий семинар «Развитие практических навыков участия в государственных социальных заказах и грантах, сдача сведений в Базу данных, проведение оценки». В семинаре приняли участие 21 человек — преимущественно представители НПО, многие из которых работают в сфере поддержки лиц с инвалидностью.
2026 жылғы 4 тамызда Байганин ауданы әкімдігінің мәжіліс залында (Қарауылкелді ауылы) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарға қатысудың практикалық дағдыларын дамыту, деректер базасына мәліметтер тапсыру, бағалау жүргізу» атты оқыту семинары өтті. Семинарға негізінен мүгедектігі бар адамдарды қолдау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдерінен тұратын 21 адам қатысты.
Мероприятие организовал ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области» в рамках государственного гранта.
Іс-шараны «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ мемлекеттік грант аясында ұйымдастырды.
Социальный заказ по новым правиламЖаңа қағидалар бойынша әлеуметтік тапсырыс
Спикером выступил президент ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области» Мажит Алишер Мажитұлы. Основное внимание было уделено практическому участию НПО в государственных социальных заказах с учётом новых правил, требованиям к подготовке и реализации социальных проектов, а также вопросам участия в государственных грантах.
Семинардың спикері — «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ президенті Мажит Алишер Мажитұлы. Негізгі назар жаңа қағидаларды ескере отырып, ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға практикалық қатысуына, әлеуметтік жобаларды дайындау мен іске асыру талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік гранттарға қатысу мәселелеріне бөлінді.
Взаимодействие с государственными органамиМемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
Участникам также разъяснили вопросы взаимодействия с государственными органами, порядок предоставления сведений в Базу данных НПО и возможности развития гражданских инициатив на районном уровне.
Қатысушыларға мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері, ҮЕҰ дерекқорына мәлімет беру тәртібі және аудандық деңгейде азаматтық бастамаларды дамыту мүмкіндіктері түсіндірілді.
По итогам семинара участники получили практические знания и навыки, необходимые для эффективного участия в социальных проектах и государственных социальных заказах.
Семинар нәтижесінде қатысушылар әлеуметтік жобалар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға тиімді қатысу үшін қажетті практикалық білім мен дағдыларға ие болды.