15 сентября 2026 года в Уилском районном Молодёжном ресурсном центре прошёл выездной семинар-тренинг для неправительственных организаций и представителей гражданского сектора.
2026 жылғы 15 қыркүйекте Ойыл аудандық Жастар ресурстық орталығында үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық сектор өкілдеріне арналған көшпелі семинар-тренинг өтті.
Главная цель встречи, организованной ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области», — разъяснить представителям гражданского сектора, как готовить и реализовывать государственные гранты и социальные проекты. Семинар провёл Алишер Мажитович Мажит — эксперт в сфере государственного социального заказа, грантового финансирования, разработки, реализации и оценки социальных проектов.
«Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ ұйымдастырған кездесудің басты мақсаты – азаматтық сектор өкілдеріне мемлекеттік гранттар мен әлеуметтік жобаларды дайындау және жүзеге асыру жолдарын түсіндіру. Семинарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және әлеуметтік жобаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау саласындағы сарапшы Мажит Алишер Мажитұлы жүргізді.
Что разобрали на семинареСеминарда не талқыланды
В ходе семинара подробно разъяснили порядок подачи заявки на государственный грант, правильное составление социального проекта, чёткую постановку цели и задач, эффективное управление проектом. Участники также получили информацию о возможностях грантового финансирования.
Семинар барысында мемлекеттік грантқа өтінім берудің тәртібі, әлеуметтік жобаны дұрыс құрастыру, мақсат пен міндеттерді нақты белгілеу, жобаны тиімді басқару мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар гранттық қаржыландырудың мүмкіндіктері туралы да мағлұмат алды.
На встрече также обсудили планирование социальных проектов на 2027 год, изменения в сфере государственного социального заказа и направления развития гражданского общества.
Кездесуде 2027 жылға арналған әлеуметтік жобаларды жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы өзгерістер және азаматтық қоғамның даму бағыттары да сөз болды.
Наряду с теоретической информацией участники получили практические советы, задали интересующие их вопросы и получили конкретные ответы специалистов. Особенно полезным это стало для тех, кто планирует разрабатывать социальные проекты и участвовать в грантовых конкурсах. Семинар начался с входного тестирования, а завершился итоговым тестированием и обратной связью от участников.
Семинар барысында қатысушылар теориялық ақпаратпен қатар, тәжірибелік кеңестер алды. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Бұл әсіресе алдағы уақытта әлеуметтік бағыттағы жобаларды әзірлеп, гранттық конкурстарға қатысуды жоспарлаған азаматтар үшін пайдалы болды. Семинар алдын ала тестілеуден басталып, қорытынды тестілеу мен қатысушылардың кері байланысымен аяқталды.
Сегодня добрые инициативы, направленные на решение различных проблем общества, имеют большое значение. Но чтобы превратить такую инициативу в конкретный проект и реализовать его, нужны знания и опыт. С этой точки зрения семинар стал полезной встречей, открывшей представителям гражданского сектора новые возможности.
Бүгінде қоғамдағы түрлі мәселелерді шешуге бағытталған жақсы бастамалардың маңызы зор. Ал мұндай бастаманы нақты жобаға айналдырып, оны жүзеге асыру үшін білім мен тәжірибе қажет. Осы тұрғыдан алғанда, семинар азаматтық сектор өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан пайдалы кездесу болды.
Проект реализуется в рамках гранта Центра поддержки гражданских инициатив по заказу Управления внутренней политики Актюбинской области.
Аталған жоба Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жүзеге асырылуда.
Видео с семинараСеминардан бейне
Отзывы участниковҚатысушылар пікірі
Смотреть публикацию в InstagramInstagram-дағы жарияланымды көруПрограмма семинараСеминар бағдарламасы PDF · 56 КБ