15 июля 2026 года в Коворкинг-центре Каргалинского района (с. Бадамша) состоялся обучающий семинар «Развитие практических навыков участия в государственных социальных заказах и грантах, сдача сведений в Базу данных, проведение оценки».
2026 жылғы 15 шілдеде Қарғалы ауданының Коворкинг орталығында (Бадамша ауылы) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттарға қатысудың практикалық дағдыларын дамыту, деректер базасына мәліметтер тапсыру, бағалау жүргізу» атты оқыту семинары өтті.
Мероприятие организовал ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области» по заказу Управления внутренней политики Актюбинской области в рамках гранта Центра поддержки гражданских инициатив.
Іс-шараны «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ Ақтөбе облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында ұйымдастырды.
Новые правила и планирование на 2027 годЖаңа қағидалар және 2027 жылға жоспарлау
Спикером выступил Мажит Алишер Мажитұлы, президент ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области». Участники обсудили изменения в правилах государственных закупок, касающиеся социальных проектов, планирование проектов на 2027 год, законопроект о НПО, ожидаемые изменения в сфере государственного социального заказа, грантовое финансирование и развитие социальных услуг.
Семинардың спикері — «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ президенті Мажит Алишер Мажитұлы. Семинар барысында мемлекеттік сатып алу қағидаларындағы әлеуметтік жобаларға қатысты өзгерістер, 2027 жылға арналған жобаларды жоспарлау, ҮЕҰ туралы заң жобасы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы күтілетін өзгерістер, гранттық қаржыландыру және әлеуметтік қызметтерді дамыту мәселелері талқыланды.
Гражданский сектор районаАуданның азаматтық секторы
В Каргалинском районе зарегистрировано более 15 НПО — один из самых высоких показателей среди районов области. При этом значительная часть организаций относится к спортивным федерациям, ассоциациям предпринимателей и крестьянских хозяйств и не работает напрямую в сфере развития гражданского общества.
Қарғалы ауданында 15-тен астам ҮЕҰ тіркелген — бұл облыс аудандары арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Дегенмен тіркелген ұйымдардың едәуір бөлігі спорттық федерациялар, кәсіпкерлер бірлестіктері мен шаруа қожалықтарына жатады және азаматтық қоғамды дамыту саласында тікелей жұмыс істемейді.
В семинаре приняли участие представители НПО и инициативных групп района.
Семинарға ауданның ҮЕҰ және бастамашыл топтарының өкілдері қатысты.