8 октября 2025 года состоялась рабочая встреча представителей гражданского сектора с представителем Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан по Актюбинской области.
2025 жылғы 8 қазанда азаматтық сектор өкілдерінің Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Ақтөбе облысы бойынша өкілімен жұмыс кездесуі өтті.
Обращения граждан и правозащитные механизмыАзаматтардың өтініштері және құқық қорғау тетіктері
В ходе встречи состоялся обмен опытом и информацией по актуальным вопросам защиты прав и законных интересов граждан, рассмотрения обращений населения и взаимодействия институтов гражданского общества с правозащитными механизмами.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, халықтың өтініштерін қарау және азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау тетіктерімен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе мен ақпарат алмасу өтті.
Стороны обсудили практику работы с обращениями граждан, наиболее актуальные вопросы в сфере соблюдения прав человека, а также возможности более тесного взаимодействия с неправительственными организациями региона.
Тараптар азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу практикасын, адам құқықтарын сақтау саласындағы аса өзекті мәселелерді, сондай-ақ өңірдің үкіметтік емес ұйымдарымен тығызырақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Роль НПО в общественном контролеҮЕҰ-ның қоғамдық бақылаудағы рөлі
Отдельное внимание было уделено роли НПО в общественном контроле, выявлении системных проблем, правовом информировании населения и обеспечении обратной связи между гражданами и государственными институтами.
ҮЕҰ-ның қоғамдық бақылаудағы, жүйелік мәселелерді анықтаудағы, халықты құқықтық жағынан ақпараттандырудағы және азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.
По итогам встречи стороны выразили заинтересованность в дальнейшем обмене информацией, совместном рассмотрении актуальных вопросов и развитии сотрудничества в сфере защиты прав человека. Такой формат взаимодействия способствует объединению возможностей государственных правозащитных институтов и гражданского сектора для более оперативного реагирования на проблемы и продвижения принципов защиты прав и законных интересов граждан.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ақпарат алмасуды жалғастыруға, өзекті мәселелерді бірлесіп қарауға және адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді. Мұндай өзара іс-қимыл форматы мемлекеттік құқық қорғау институттары мен азаматтық сектордың мүмкіндіктерін біріктіруге, мәселелерге жедел ден қоюға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етеді.