31 октября – 1 ноября 2024 года в Актобе прошла конференция неправительственных организаций Актюбинской области «Сильное гражданское общество — сильное государство». Мероприятие собрало представителей 26 НПО региона, входящих в ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области», а также представителей акимата области.
2024 жылғы 31 қазан – 1 қараша аралығында Ақтөбеде «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ құрамына кіретін өңірдің 26 ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдігінің өкілдері қатысқан «Мықты азаматтық қоғам — мықты мемлекет» конференциясы өтті.
В работе конференции приняли участие заместитель акима области Жолдас Батырхан, руководитель управления внутренней политики Алибек Байнешов, а также лидеры и члены неправительственных организаций.
Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, ішкі саясат басқармасының басшысы Алибек Байнешов, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен мүшелері қатысты.
Организатором мероприятия выступило ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области», в состав которого сегодня входит 26 объединений. В ходе конференции НПО отчитались о проделанной ими работе и показали результаты своей деятельности.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — құрамына бүгінде 26 бірлестік кіретін «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ болды. Конференция барысында ҮЕҰ атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, өз қызметінің нәтижелерін көрсетті.
Заместитель акима области Жолдас Батырхан, приветствуя участников конференции, отметил, что она стала очередной площадкой для развития диалога общества и государства.
Облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан конференция қатысушыларын құттықтай отырып, оның қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты дамытудың кезекті алаңына айналғанын атап өтті.
Объединение работает в пяти регионах КазахстанаБірлестік Қазақстанның бес өңірінде жұмыс істейді
Президент ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области» Алишер Мажит в свою очередь рассказал, что объединение представлено в пяти регионах Казахстана. В их состав по Актюбинской области входит 26 НПО. За год работы было реализовано свыше 60 успешных проектов в 13 социально значимых сферах.
«Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ президенті Алишер Мажит өз кезегінде бірлестіктің Қазақстанның бес өңірінде өкілдігі бар екенін айтты. Ақтөбе облысы бойынша олардың құрамына 26 ҮЕҰ кіреді. Жыл ішінде 13 әлеуметтік маңызы бар салада 60-тан астам табысты жоба іске асырылды.
«Мы помогаем неправительственным организациям развиваться и расти, стать сильнее и устойчивее. Играя важную роль в поддержке гражданского общества, объединяем инициативные группы и неправительственный сектор. Предлагаем консалтинговые, консультационные услуги, также обучающие программы, чтобы повысить эффективность работы организаций и улучшить их способности к решению социальных проблем. Такое сотрудничество позволяет не только укрепить гражданский сектор, но и создать условия для более активного участия НПО в решении актуальных задач общества»Алишер Мажит, президент ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области» «Біз үкіметтік емес ұйымдардың дамуына және өсуіне, күшейіп, тұрақты болуына көмектесеміз. Азаматтық қоғамды қолдауда маңызды рөл атқара отырып, бастамашыл топтар мен үкіметтік емес секторды біріктіреміз. Ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу қабілетін жақсарту үшін консалтингтік, консультациялық қызметтер, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсынамыз. Мұндай ынтымақтастық азаматтық секторды нығайтып қана қоймай, ҮЕҰ-ның қоғамның өзекті мәселелерін шешуге неғұрлым белсенді қатысуына жағдай жасайды»Алишер Мажит, «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ президенті
Выставка проектов и награждение активных НПОЖобалар көрмесі және белсенді ҮЕҰ марапаттау
В ходе конференции были показаны видеоролики о работе ряда реабилитационных центров, службы инватакси, а также проекта «Жасыл ел». Также в фойе дома культуры организована выставка и презентации о деятельности объединения юридических лиц и неправительственных организаций региона.
Конференция барысында бірқатар оңалту орталықтарының жұмысы, инватакси қызметі, сондай-ақ «Жасыл ел» жобасы туралы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ мәдениет үйінің фойесінде өңірдің заңды тұлғалар бірлестігі мен үкіметтік емес ұйымдарының қызметі туралы көрме мен презентациялар ұйымдастырылды.
На конференции были отмечены достижения самых активных НПО. Представителям этих организаций Жолдас Батырхан вручил благодарственные письма от Министра культуры и информации РК, а также акима области.
Конференцияда ең белсенді ҮЕҰ-ның жетістіктері атап өтілді. Осы ұйымдардың өкілдеріне Жолдас Батырхан ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттарын тапсырды.