В рамках государственного социального заказа ГУ «Отдел внутренней политики Иргизского района» частный фонд «QOLDAU EVENT» проводит серию мероприятий по проекту «Организация мероприятий, направленных на профилактику наркомании среди молодёжи Иргизского района».
«Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «QOLDAU EVENT» жеке қорымен «Ырғыз ауданында жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
11 сентября в доме культуры «Арай» прошла встреча со старшеклассниками на тему «Есірткі туралы шындық» («Правда о наркотиках»). Модератором выступил директор частного фонда «QOLDAU EVENT» Тойжан Төлепбаев.
11 қыркүйекте «Арай» мәдениет үйінде «Есірткі туралы шындық» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Модераторы — «QOLDAU EVENT» жеке қорының директоры Тойжан Төлепбаев.
Обращение к молодёжиЖастарға үндеу
Содержательную беседу с молодёжью провёл депутат маслихата Актюбинской области, председатель центрального совета ветеранов войны в Афганистане РК Марат Қойлыбаев. «Айналайын, жастар, өмірде әрқайсыңыздың алдыңызда үлкен мақсаттар бар. Білім алу, мамандық игеру, спортпен айналысу, кәсіп бастау, елге қызмет ету — сіздердің қолдарыңызда. Сол мүмкіндіктерді бағалаңыздар», — сказал спикер, обращаясь к подросткам через конкретные примеры из жизни.
Шарада Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, ҚР Ауған соғысы ардагерлерінің орталық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев мазмұнды әңгіме өрбітті. «Айналайын, жастар, өмірде әрқайсыңыздың алдыңызда үлкен мақсаттар бар. Білім алу, мамандық игеру, спортпен айналысу, кәсіп бастау, елге қызмет ету – сіздердің қолдарыңызда. Сол мүмкіндіктерді бағалаңыздар» дей отырып, спикер өмірден алынған нақты мысалдар арқылы жасөспірімдерге ой салды.
Также во встрече приняли участие аким Иргизского района Нұрлан Қызбергенов и заместитель акима района Серік Қонақбаев — они поделились своим мнением по обсуждаемой теме. Глава района в своём выступлении отметил, как важно подросткам принять близко к сердцу напутствия старшего поколения, задуматься над ними и опираться на них в дальнейшей жизни, и поблагодарил гостей.
Сонымен қатар, кездесуге Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов пен аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев қатысып, күн тәртібіндегі мәселеге орай ой-пікірлерімен бөлісті. Аудан басшысы өз сөзінде жасөспірімдерге осындай алдыңғы буынның жақсы сөздерін санаға сіңіріп, ойға тоқып, алдағы өмірлерінде бағдар етіп ұстаудың маңыздылығын атап өтіп, қонақтарға ризашылығын білдірді.
Цель встречи — профилактика наркотиков и наркомании, остающейся одной из самых острых проблем общества, формирование у молодёжи здорового образа жизни и разъяснение вреда, который наркотики наносят жизни человека и обществу.
Басқосудың мақсаты – қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отырған есірткі мен нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткінің адам өмірі мен қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіру.