В Актобе состоялся XII Региональный гражданский форум Актюбинской области «Белсенді қоғам — берік болашақ», объединивший представителей неправительственных и волонтерских организаций, общественных активистов, государственных органов, экспертного сообщества и партнерских организаций.
Ақтөбеде үкіметтік емес және еріктілер ұйымдарының өкілдерін, қоғам белсенділерін, мемлекеттік органдарды, сарапшылар қоғамдастығын және серіктес ұйымдарды біріктірген Ақтөбе облысының «Белсенді қоғам — берік болашақ» атты XII өңірлік азаматтық форумы өтті.
Форум стал ключевой региональной диалоговой площадкой для обсуждения перспектив развития гражданского общества, совершенствования взаимодействия государства и третьего сектора, а также выработки новых решений и социальных инициатив. Место проведения — Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова.
Форум азаматтық қоғамды дамыту перспективаларын, мемлекет пен үшінші сектордың өзара іс-қимылын жетілдіруді, сондай-ақ жаңа шешімдер мен әлеуметтік бастамаларды әзірлеуді талқылаудың негізгі өңірлік диалог алаңына айналды. Іс-шара алаңы ретінде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті таңдалды.
Открытый диалог с руководством областиОблыс басшылығымен ашық диалог
В работе форума принял участие аким Актюбинской области Асхат Шахаров. В своём выступлении глава региона подчеркнул возрастающую роль гражданского сектора в социально-экономическом развитии области.
Форум жұмысына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысты. Өз сөзінде облыс басшысы азаматтық сектордың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы артып келе жатқан рөлін атап өтті.
«Сегодня институты гражданского общества можно по праву считать стратегическими партнёрами государства. Их деятельность охватывает все ключевые сферы – от молодёжной политики до культуры, от здравоохранения до экологии. Благодаря общим усилиям укрепляется доверие граждан к государственным институтам и законам»Асхат Шахаров, аким Актюбинской области «Бүгінде азаматтық қоғам институттарын мемлекеттің стратегиялық серіктестері деп толық негізде айтуға болады. Олардың қызметі барлық негізгі салаларды – жастар саясатынан бастап мәдениетке дейін, денсаулық сақтаудан экологияға дейін қамтиды. Ортақ күш-жігердің арқасында азаматтардың мемлекеттік институттар мен заңдарға деген сенімі нығаяды»Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі
Отдельное внимание было уделено задачам, обозначенным Главой государства: цифровизации, развитию человеческого капитала и повышению эффективности взаимодействия государства, бизнеса и общества.
Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерге – цифрландыруға, адами капиталды дамытуға және мемлекет, бизнес пен қоғамның өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бөлек назар аударылды.
Республиканская экспертная площадкаРеспубликалық сараптамалық алаң
С докладами на форуме выступили заместитель председателя Комитета по делам гражданского общества Министерства культуры и информации РК Елдар Сапаров, президент Гражданского альянса Казахстана Бану Нургазиева, председатель Правления ОФ «Қазақстан халқына» Ляззат Шынгысбаева, а также представители государственных органов и гражданского сектора.
Форумда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Елдар Сапаров, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Ляззат Шыңғысбаева, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдері баяндамалар жасады.
Участники обсудили государственную поддержку НПО, развитие региональных гражданских инициатив, социальное партнёрство, волонтёрство и новые подходы к реализации общественно значимых проектов. Было отмечено, что в текущем году на реализацию инициатив неправительственных организаций в регионе направлено 2,1 млрд тенге, половина этой суммы приходится на проекты районного уровня.
Қатысушылар ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдау, өңірлік азаматтық бастамаларды дамыту, әлеуметтік әріптестік, еріктілік және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асырудың жаңа тәсілдерін талқылады. Ағымдағы жылы өңірде үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын іске асыруға 2,1 млрд теңге бөлінгені, бұл соманың жартысы аудандық деңгейдегі жобаларға тиесілі екені атап өтілді.
Также представлены результаты общенациональной инициативы «Таза Қазақстан»: при участии порядка 90 тысяч волонтёров проведено более 15 тысяч экологических мероприятий.
Сондай-ақ жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасының нәтижелері таныстырылды: шамамен 90 мың еріктінің қатысуымен 15 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізілді.
От обсуждений — к конкретным инициативамТалқылаудан нақты бастамаларға
Одной из центральных частей форума стала выработка новых предложений для дальнейшего развития региона. Участниками предложены разработка социального маршрута для подростков с особыми потребностями, создание инновационного ХАБа в Актобе, проведение хакатона с грантовой поддержкой, внедрение корпоративных грантов для креативных индустрий, расширение грантовых программ для молодёжных НПО, а также другие инициативы.
Форумның негізгі бөліктерінің бірі өңірді одан әрі дамыту үшін жаңа ұсыныстарды әзірлеу болды. Қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған әлеуметтік маршрут әзірлеуді, Ақтөбеде инновациялық ХАБ құруды, гранттық қолдаумен хакатон өткізуді, креативті индустриялар үшін корпоративтік гранттарды енгізуді, жастар ҮЕҰ-ы үшін гранттық бағдарламаларды кеңейтуді, сондай-ақ басқа да бастамаларды ұсынды.
Таким образом, форум стал не только площадкой для обмена мнениями, но и механизмом формирования конкретной повестки дальнейшего развития гражданского общества Актюбинской области.
Осылайша, форум пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар Ақтөбе облысының азаматтық қоғамын одан әрі дамытудың нақты күн тәртібін қалыптастыру тетігіне айналды.
Резолюция форумаФорум резолюциясы
Ключевым итогом XII Регионального гражданского форума стало принятие резолюции, определившей ряд приоритетных направлений дальнейшей совместной работы государственных органов и гражданского сектора. Среди предложений:
XII Өңірлік азаматтық форумының негізгі қорытындысы мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың одан әрі бірлескен жұмысының бірқатар басым бағыттарын айқындаған резолюцияның қабылдануы болды. Ұсыныстар қатарында:
- Внедрение механизмов трёхлетнего финансирования устойчивых социальных проектовТұрақты әлеуметтік жобаларды үш жылдық қаржыландыру тетіктерін енгізу
- Увеличение объёмов государственного социального заказа для НПОҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін ұлғайту
- Развитие механизмов общественного контроля и повышение открытости государственных органовҚоғамдық бақылау тетіктерін дамыту және мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру
- Создание онлайн-портала мониторинга проектов НПОҮЕҰ жобаларын мониторингілеудің онлайн-порталын құру
- Создание Научно-технологического инновационного ХАБа в АктобеАқтөбеде Ғылыми-технологиялық инновациялық ХАБ құру
- Развитие новых механизмов грантовой поддержки общественных и молодёжных инициативҚоғамдық және жастар бастамаларын гранттық қолдаудың жаңа тетіктерін дамыту
Принятая резолюция сформировала основу для последующей проработки инициатив совместно с государственными органами и организациями гражданского общества.
Қабылданған резолюция мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарымен бірлесіп бастамаларды кейіннен пысықтаудың негізін қалады.
Признание вклада гражданского сектораАзаматтық сектордың үлесін мойындау
Форум завершился церемонией награждения представителей НПО и общественных активистов, внёсших значительный вклад в развитие гражданского общества Актюбинской области.
Форум Ақтөбе облысының азаматтық қоғамын дамытуға елеулі үлес қосқан ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділерін марапаттау рәсімімен аяқталды.
XII Региональный гражданский форум продемонстрировал, что гражданский сектор региона становится не только исполнителем социальных проектов, но и полноправным участником формирования региональной общественной повестки, разработки инициатив и принятия решений. Главным результатом форума стали конкретные предложения, новые партнёрства и решения, направленные на дальнейшее укрепление взаимодействия государства и гражданского общества в Актюбинской области.
XII Өңірлік азаматтық форум өңірдің азаматтық секторы әлеуметтік жобалардың орындаушысы ғана емес, өңірлік қоғамдық күн тәртібін қалыптастыруға, бастамалар әзірлеуге және шешім қабылдауға толыққанды қатысушыға айналып жатқанын көрсетті. Форумның басты нәтижесі — Ақтөбе облысында мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар, жаңа әріптестіктер мен шешімдер болды.