26 мая 2026 года ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области» провёл обучающее мероприятие по финансовому планированию для руководителей и представителей неправительственных организаций, а также для инициативных граждан, планирующих создать собственную организацию.
2026 жылғы 26 мамырда «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ өз ұйымын құруды жоспарлаған белсенді азаматтар үшін қаржылық жоспарлау бойынша оқыту іс-шарасын өткізді.
Обучение прошло в конференц-зале Ресурсного центра по адресу: г. Актобе, ул. Маресьева, 75Б. Программа была ориентирована на практические вопросы, с которыми НПО сталкиваются при создании организации, планировании социальных проектов, формировании бюджета, выплате заработной платы и исполнении налоговых обязательств.
Оқыту Ресурстық орталықтың конференц-залында (Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 75Б) өтті. Бағдарлама ҮЕҰ ұйым құру, әлеуметтік жобаларды жоспарлау, бюджет құру, жалақы төлеу және салық міндеттемелерін орындау кезінде кездесетін практикалық сұрақтарға бағытталды.
От создания НПО до проектного бюджетаҮЕҰ құрудан жоба бюджетіне дейін
Первый тематический блок был посвящён базовым правовым вопросам создания и работы неправительственных организаций. Участники рассмотрели порядок регистрации НПО, открытия банковских счетов, требования к уставным документам и обязательной отчётности. Спикером выступил президент ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области» Мажит Алишер Мажитұлы, который также модерировал мероприятие.
Бірінші тақырыптық блок үкіметтік емес ұйымдарды құру мен жұмысының негізгі құқықтық мәселелеріне арналды. Қатысушылар ҮЕҰ тіркеу тәртібін, банк шоттарын ашуды, жарғылық құжаттарға қойылатын талаптарды және міндетті есептілікті қарастырды. Баяндамашы — «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ президенті Мажит Алишер Мажитұлы, ол іс-шараны модерациялады.
Отдельное внимание уделили одному из самых важных элементов любого социального проекта — формированию бюджета. Участники разобрали основные статьи затрат, принципы распределения ресурсов и обоснования расходов, а также типичные ошибки, которые НПО допускают при подготовке заявок на гранты и социальные проекты.
Кез келген әлеуметтік жобаның маңызды элементтерінің біріне — бюджет құруға ерекше назар аударылды. Қатысушылар негізгі шығыс баптарын, ресурстарды бөлу және шығыстарды негіздеу қағидаттарын, сондай-ақ ҮЕҰ гранттар мен әлеуметтік жобаларға өтінім дайындау кезінде жіберетін типтік қателерді талдады.
Практический блок по бюджетированию провела Мажит Мариям Мансуровна — экономист-бухгалтер и специалист по социальным проектам.
Бюджеттеу бойынша практикалық блокты экономист-бухгалтер, әлеуметтік жобалар маманы Мажит Мариям Мансуровна өткізді.
Налоги, заработная плата и договоры ГПХСалықтар, жалақы және АҚЖ шарттары
Значительная часть обучения была посвящена налогообложению и финансовому учёту в деятельности НПО.
Оқытудың айтарлықтай бөлігі ҮЕҰ қызметіндегі салық салу мен қаржылық есепке арналды.
Вместе со специалистами Департамента государственных доходов Актюбинской области участники разобрали особенности оплаты услуг и заработной платы, работу со штатными сотрудниками и исполнителями по договорам гражданско-правового характера, обязательные платежи и вопросы учёта.
Ақтөбе облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарымен бірге қатысушылар қызмет ақысы мен жалақыны төлеу ерекшеліктерін, штаттық қызметкерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындаушылармен жұмысты, міндетті төлемдер мен есеп мәселелерін қарастырды.
Экспертами этого блока выступили Шайзада Қайдар Дарханұлы, руководитель отдела камерального мониторинга № 2 ДГД Актюбинской области, и Кабденова Разия Куандыковна, главный специалист того же отдела.
Бұл блоктың сарапшылары — Ақтөбе облысы МКД № 2 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Шайзада Қайдар Дарханұлы және осы бөлімнің бас маманы Кабденова Разия Куандыковна.
Участники смогли задать специалистам практические вопросы, которые возникают непосредственно в работе организаций, и получить рекомендации по оформлению финансовых операций и исполнению обязательств.
Қатысушылар мамандарға ұйымдардың жұмысында тікелей туындайтын практикалық сұрақтар қоя алды және қаржылық операцияларды ресімдеу мен міндеттемелерді орындау бойынша ұсынымдар алды.
Финансовая грамотность как основа устойчивости НПОҚаржылық сауаттылық — ҮЕҰ тұрақтылығының негізі
Финансовое планирование остаётся одним из ключевых факторов устойчивости неправительственной организации. Даже качественная социальная идея требует правильно сформированного бюджета, обоснованных расходов, корректно оформленных договорных отношений и соблюдения налоговых требований.
Қаржылық жоспарлау үкіметтік емес ұйым тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып қалады. Сапалы әлеуметтік идея да дұрыс құрылған бюджетті, негізделген шығыстарды, дұрыс ресімделген шарттық қатынастарды және салық талаптарын сақтауды талап етеді.
Поэтому программа мероприятия объединила сразу несколько взаимосвязанных направлений — правовые основы деятельности НПО, проектное бюджетирование, налогообложение, оплату труда и финансовый учёт.
Сондықтан іс-шара бағдарламасы бірнеше өзара байланысты бағытты біріктірді — ҮЕҰ қызметінің құқықтық негіздері, жобалық бюджеттеу, салық салу, еңбекақы төлеу және қаржылық есеп.
В завершение обучения были подведены итоги: участники получили ответы на вопросы и практические рекомендации для дальнейшей работы. Мероприятие стало частью работы ОЮЛ «Гражданский центр Актюбинской области» по развитию компетенций гражданского сектора и повышению качества управления социальными проектами.
Оқыту соңында қорытынды шығарылды: қатысушылар сұрақтарына жауап және әрі қарайғы жұмысқа практикалық ұсынымдар алды. Іс-шара «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» ЗТБ-ның азаматтық сектор құзыреттерін дамыту және әлеуметтік жобаларды басқару сапасын арттыру жұмысының бөлігі болды.